Жаңалықтар

 

13 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Ұйғыр аудандық орталық аурухананың мәжіліс залында салтанатты жиналыс өткізілді. Жиналысқа аудандағы медициналық мекемелердің медициналық қызметкерлері қатысты.Бұл мереке қарсаңында ауданның денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлестері үшін бірнеше қызметкер орталық аурухана директоры М.Долаеваның және облыстық медициналық қызметкерлер кәсіподағының жетекшісі А.Каратаевтың алғыс хаттарымен марапатталды. Жиналысқа қатысушыларға мерекелік құттықтау сөздер айтылғаннан кейин "Қазақстан Тәуелсіздік жолында" атты бейнеролик көрсетілді. Орталық емхана мейірбикелерінің орындауындағы "Астана" флеш-мобы тамашаланды. 
"Жазерке" ансамблінің әншілері мерекелік жиналысқа сән қосты.

2014 жылғы 8 қаңтарда «Ұйғыр ауданының орталық ауруханасы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ұйғыр аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып өзгертілді.

Кәсіпорынның меншік иесі және құрылтайшысы Алматы облысының әкімдігі болып табылады.

Қазіргі уақытта Ұйғыр ауданының денсаулық сақтау мекемелері 54 131 адамға қызмет көрсетеді. 14 жасқа дейінгі балалар – 15975.

Медициналық мекемелер желісі мыналар болып табылады: Ұйғыр орталық аудандық ауруханасы жанындағы мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, оның құрамына ауысымына 300 келушіге арналған аудандық емхана, 75 төсектік күндізгі стационар және 165 төсектік тәуліктік стационар (оның 10-ы уақытша төсек) кіреді , оның ішінде терапия бөлімінде  36 төсек, хирургия бөлімінде 15 төсек, балалар бөлімінде 18 төсек, соның ішінде. жаңа туған нәрестелердің патологиясы және шала туылған нәрестелерді күтіп қарау 1 төсек, перзентхана бөлімі 30 төсек, соның ішінде  жаңа туған нәрестелердің патологиясы және шала туған нәрестелерді күтіп қарау 2 төсек, жұқпалы аурулар бөлімінде 50 төсек, паллиативтік көмекке 1 төсек, Реабилитациялық емдеу және медициналық оңалту үшін 12 төсек.