2023 жылдың 1 маусымынан бастап Міндетті медициналық сақтандыру бойынша кеңес беру  бірыңғай байланыс орталығы 1414 арқылы беріледі.

«Жоғалған» қоңыраулар үлесін азайту және халыққа нөмір теру мүмкіндігін арттыру үшін 1414 бірыңғай байланыс орталығы міндетті медициналық сақтандыру және медициналық көмек алу мәселелері бойынша кеңестер береді.

1414 операторлары сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін қоңырауларды қабылдап, кеңестік  сұрақтар бойынша жауап береді. Егер өтініш ситуациялық сипатта болса және тереңірек қарауды қажет етсе, онда ол қорға және медициналық ұйымдарға беріледі.

Сонымен қатар, Қордың баламалы байланыс арналары, мысалы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, fms.kz ресми сайты немесе Telegram-дағы @SaqtandyrýBot бұрынғыдай жұмысын жалғастыруда. Қызығушылық танытқандар оператордан жауап күтіп уақыт жоғалтпау үшін өз сұрақтарын сол жерге жібере алады.

Сондай-ақ, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметі арқылы «Денсаулық сақтау» бөлімінде egov.kz электронды үкіметінің веб-сайтында медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебеңізді тексеруге және төленген төлемдер туралы, медициналық қызметтерді тұтынушы және аударылған сомалар бойынша, аударымдар және (немесе) жарналар туралы ақпаратты алуға болады.

 

2014 жылғы 8 қаңтарда «Ұйғыр ауданының орталық ауруханасы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ұйғыр аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып өзгертілді.

Кәсіпорынның меншік иесі және құрылтайшысы Алматы облысының әкімдігі болып табылады.

Қазіргі уақытта Ұйғыр ауданының денсаулық сақтау мекемелері 54 131 адамға қызмет көрсетеді. 14 жасқа дейінгі балалар – 15975.

Медициналық мекемелер желісі мыналар болып табылады: Ұйғыр орталық аудандық ауруханасы жанындағы мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, оның құрамына ауысымына 300 келушіге арналған аудандық емхана, 75 төсектік күндізгі стационар және 165 төсектік тәуліктік стационар (оның 10-ы уақытша төсек) кіреді , оның ішінде терапия бөлімінде  36 төсек, хирургия бөлімінде 15 төсек, балалар бөлімінде 18 төсек, соның ішінде. жаңа туған нәрестелердің патологиясы және шала туылған нәрестелерді күтіп қарау 1 төсек, перзентхана бөлімі 30 төсек, соның ішінде  жаңа туған нәрестелердің патологиясы және шала туған нәрестелерді күтіп қарау 2 төсек, жұқпалы аурулар бөлімінде 50 төсек, паллиативтік көмекке 1 төсек, Реабилитациялық емдеу және медициналық оңалту үшін 12 төсек.