Жеке ақпарат:

Тұрмыс құрған, 1 бала

Туған күні: 26.05.1988 ж

Тұрғылықты мекенжайы: Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Чунжа ауылы

 

Байланыс ақпараты:

Телефон: +7 700 470 66 39

Электрондық поштасы: akzholtaeva.aliya@mail.ru

 

Білімі:

2011 жылы – С.Ж.Асфендиярова атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті – балалар дәрігері.

2012 жылы– Алматы мемлекеттік дәрігерлердің біліктілігін арттыру институты – «Офтальмология» мамандығы бойынша қайта даярлау

2017  жылы – Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті – «Жұқпалы аурулар (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша қайта даярлау

2018  жылы– Халықаралық жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты – «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» мамандығы бойынша қайта даярлау.

Сайланбалы органдарға қатысуы: Алматы облыстық мәслихатының VIII шақырылымының депутаты.

Партияға мүшелік: «АMANAT» № 1157237  23.05.2016 жыл

 

Жұмыс тәжірибесі:

01.08.2012 – 02.02.2014 –  ШЖҚ «Ұйғыр аудандық  орталық ауруханасы» МКК – №5 педиатриялық учаскенің балалар дәрігері.

02.03.2014 – 01.02.2016 –  ШЖҚ «Ұйғыр аудандық орталық ауруханасы» МКК  – офтальмолог дәрігері.

02.02.2016 – 10.04.2017 –  ШЖҚ «Ұйғыр аудандық орталық ауруханасы» МКК  – емхана меңгерушісі.

29.05.2017 – 28.09.2017 – «№ 32 қалалық емханасы» РМК жанындағы МКҚК – офтальмолог.

10.02.2017 – 12.03.2018 – ШЖҚ «Ұйғыр аудандық орталық ауруханасы» МКК – офтальмолог дәрігері.

12.04.2018 – 30.11.2020 –  ШЖҚ «Ұйғыр аудандық орталық ауруханасы» МКК – емхана меңгерушісі

01.12.2020 – 01.08.2021 –  ШЖҚ «Ұйғыр аудандық орталық ауруханасы» МКК офтальмолог дәрігері , дәрігер әдіскер.

02.08.2021 – 23.08.2023 – ШЖҚ «Ұйғыр аудандық орталық ауруханасы» МКК - емхана меңгерушісі.

24.08.2023 – 19.09.2023 –  ШЖҚ «Ұйғыр аудандық орталық ауруханасы» МКК директорының м.а.

30.10.2023 жылдан бастап – ШЖҚ «Ұйғыр аудандық орталық ауруханасы» МКК директоры.

 

Алған марапаттар мен мақтау қағаздары туралы деректер:

  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасы
  • Алматы облысы Ішкі істер департаментінің бастығы Р.Алпысбаевтың Алғыс хаты.
  • «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғ.Сарыбаевтың Алғыс хаты.
  • «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы А.Баталовтың Алғыс хаты
  • «Белсенді қызметі үшін» төс белгісі «АМАНАТ» партиясының төрағасы Е.Қошановтың атынан
  • Алматы облысы Қорғаныс істері департаментінің бастығы Н.Жұмашханның куәлігі.
  • Республикалық қоғамдық штабтың басшысы Е.Қошановтың Алғыс хаты

2014 жылғы 8 қаңтарда «Ұйғыр ауданының орталық ауруханасы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ұйғыр аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып өзгертілді.

Кәсіпорынның меншік иесі және құрылтайшысы Алматы облысының әкімдігі болып табылады.

Қазіргі уақытта Ұйғыр ауданының денсаулық сақтау мекемелері 54 131 адамға қызмет көрсетеді. 14 жасқа дейінгі балалар – 15975.

Медициналық мекемелер желісі мыналар болып табылады: Ұйғыр орталық аудандық ауруханасы жанындағы мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, оның құрамына ауысымына 300 келушіге арналған аудандық емхана, 75 төсектік күндізгі стационар және 165 төсектік тәуліктік стационар (оның 10-ы уақытша төсек) кіреді , оның ішінде терапия бөлімінде  36 төсек, хирургия бөлімінде 15 төсек, балалар бөлімінде 18 төсек, соның ішінде. жаңа туған нәрестелердің патологиясы және шала туылған нәрестелерді күтіп қарау 1 төсек, перзентхана бөлімі 30 төсек, соның ішінде  жаңа туған нәрестелердің патологиясы және шала туған нәрестелерді күтіп қарау 2 төсек, жұқпалы аурулар бөлімінде 50 төсек, паллиативтік көмекке 1 төсек, Реабилитациялық емдеу және медициналық оңалту үшін 12 төсек.