Көңіл қуантар шара!
- Подробности
1 маусым - балаларды қорғау күні қарсаңында аудандық аурухана тарапынан шара ұйымдастырылды.
'Сенім' және 'Ақниет' кәсіподақ ұйымының атынан, сонымен қатар 'Ангелочки' ойын - сауық кешенінің басшысы Касимова Гузеля Абдишериповнаның демеушілігімен аурухана бөлімдерінде ем алып жатқан балаларды құттықтап, сый - сияпат табысталды.
Игі шара аясында аурухана директоры Алия Ақжолтайқызы кішкентай бүлдіршіндерді құттықтап, жылы лебізін білдірді.





















