1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні
- Подробности
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында Ұйғыр аудандық ауруханасының директоры Алия Ақжолтайқызы және аурухана қызметкерлері ауданымыздағы бірнеше отбасының шаңырағына арнайы барып, балаларды мерекемен құттықтады.
Ізгі ниетпен ұйымдастырылған шара барысында бүлдіршіндерге сыйлықтар табысталып, ақжарма тілектер айтылды. Балалардың қуанышты сәттері мерекенің шынайы мәнін айқындап, отбасыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Осындай қайырымды бастамалар арқылы балаларға мейірім мен қамқорлық көрсету – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Барша бүлдіршіндерді келе жатқан мерекемен құттықтаймыз!
Балалардың жүзінен күлкі кетпесін!





















